Елімізде әрбір төртінші студент Алматыдағы ЖОО-да оқиды

545

Алматы әкімі Б. Сағынтаев кәсіптік техникалық білім беру жүйесін дамыту туралы айтты.  

Елімізде әрбір төртінші студент Алматыдағы ЖОО-да оқиды

Алматының білім саласы қызметкерлерінің "Алматының білім болашағы: жаңа жағдайдағы перспективалық шешімдер" форумында сөйлеген сөзінде Бақытжан Сағынтаев мегаполистің 39 ЖОО мен 80 колледждерінде 234 мың студенттің, соның ішінде 66 мың колледж студенттерінің білім алатынын хабарлады.

Оның үстіне Қазақстандағы әрбір төртінші студент Алматының ЖОО-да және Қазақстандағы әрбір жетінші студент Алматыдағы кәсіптік білім беру саласында оқитынын атап өткен жөн.

"Қала экономикасы ең алдымен кәсіби жұмысшы кадрларына және өңірдің нақтылы салаларына қажет орта мамандарға зәру", – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Осыған орай, қала колледждерінде мемлекеттік білім тапсырысы болашақта дамуды ескере отырып, қажетті салаға қарай орналастырылады. Мысалы, биылғы жылы мемлекеттік тапсырысты бөлу барысында құрылыс саласына, ақпараттық технология саласына, сонымен қатар шағын және орта бизнестің қызмет көрсету саласына басымдық беріледі.

Кәсіптік техникалық білім берудің басты мақсаты – NEET санатындағы жастардың үлесін азайту. Бұл колледждер үшін мемлекеттік тапсырысты бөлудің басты шарты болып табылады.

ТжКББ, оның ішінде NEET санатындағы жастардың кәсіптік білімге қолжетімділігін арттыру үшін Алматы әкімдігі соңғы 5 жыл ішінде кәсіби мамандарды даярлау үшін мемлекеттік білім тапсырысын 11,2 мың орынға дейін жеткізді.

Қала әкімі колледждердің оқу процесіне World skils енгізу жоғары сынып оқшылары арасында кәсіби бағдар мен кәсіптік білім алуды дамытатынын атап өтті.

"Бұл міндеттердің барлығын "Жас маман" жобасының тиімділігін арттырып, колледждерге өндірістен жоғары білікті мамандарды тарту, сонымен қатар ЖОО мен колледждерде экожүйені құру арқылы шешуге болады", – деп атап өтті Алматы әкімі.

Форумда жаңа жағдайда оқу процестерін ұйымдастыру мәселесі талқылануда. Оның ішінде кезекші топтарда санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қашықтан оқуды ұйымдастыру, педагогтарды және мұқтаж оқушыларды компьютерлік техникамен, интернетпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бала бақшалар мен мектептерде орынмен қамтамасыз етудің өзекті мәселесі талқылануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу