Елімізде асыл және түсті металдар өндірісі өсті

648

Өсім 5,5%-ды құрады.  

Елімізде асыл және түсті металдар өндірісі өсті Фото: gov.kz

Металлургия саласындағы өндіріс көлемі былтырғы 12 айда 9 млрд теңгеге жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,9%-ға артық. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

“Оның ішінде 5,8 млрд тг асыл және түсті металдарға тиесілі,  бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға артық. Қара металлургияда металл құюды қоспағанда, өндіріс көлемі 3,1 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,2%-ға аз”, - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, былтыр республикамызда металлургия саласында 91 кәсіпорын жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу