Елімізде әуе көлігімен сапарлайтындар саны артқан

735

Елімізде әуе көлігімен сапарлайтындар саны артқан

Елімізде авиациялық тасымал саласында алға жылжу бар. ҚР ИДМ мәліметіне сүйенсек, биылғы қаңтар-ақпан айларында әуе тасымалы жолаушыларының саны 1 090,3 мыңға жетіпті, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда (911,0 мың адам) 20%-ға артық.

Ал өткен жылы әуе көлігімен 7,4 миллион жолаушы тасымалданды. 2017 жылғы жолаушылар ағынының өсу қарқыны 23%-ды құрап, соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен еді. Транзиттік жолаушылар тасымалы 30%-ға, жүк тасымалы 24%-ға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу