Елімізде автобустарда тегін жүретіндер тізімі кеңейтілді

479

Өзгерістер қоғамдық көліктің барлық түрлеріне қатысты болады. 

Елімізде автобустарда тегін жүретіндер тізімі кеңейтілді Фото: inbusiness.kz

Осы жылдың 1 наурызынан бастап жаңа редакцияда "Автомобиль көлігі туралы" ҚР Заңы күшіне енетіні белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қостанай жаңалықтары" газетіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстанның барлық өңірлерінде тегін жол жүруге I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, "Батыр ана" атағын алған "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері құқылы. Тізімде бірінші топтағы мүгедектер де бар. 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге 50% жеңілдік беріледі.

Қостанай әкімдігі әлі ешқандай қосымша ақпарат жоқ екенін хабарлады. Алайда, Қостанайда Заңда белгіленген жеңілдіктердің басым бөлігі бұрын да қолданыста болғанын атап өткен жөн. Біз үшін түбегейлі жаңа өзгеріс – бұрын 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қатысты кәмелетке толмағандарға арналған тариф.

Бүгінде Қостанай автобустарында тегін жол жүруге құқылы:

  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
  • басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері;
  • жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
  • I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе "Батыр ана" атағын алған аналар;
  • бірінші және екінші топтағы мүгедектер.
  • Бекітілген тариф құнынан он теңгеге аз төлейтіндер:
  • жасы бойынша зейнеткерлер;
  • үшінші топтағы мүгедектер.
  • 7 жасқа дейінгі балаларға жол жүру ақысы тегін, 14 жасқа дейінгілер 50 пайыздық жеңілдікпен жүреді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу