Елімізде байытылған ядролық отынды пайдалану 20% төмендетіледі

798

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен ШҚО әкімі Даниал Ахметов Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде байытылған ядролық отынды пайдалану 20% төмендетіледі

Делегация мүшелері "Байкал-1" зерттеу реакторлары кешені, ИГР зерттеу реакторы, сондай-ақ қазақстандық ҚТМ материалтану токамагы кешені және тағы басқа нысандарда болды.

Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбековтің айтуынша, бүгінде "Байкал-1" кешенінде орналасқан ИВГ1.М реакторын конверсиялау жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруда айтарлықтай алға жылжу бар.

Жоба АЭХА талаптарына сәйкес реактор байытылған ядролық отынның байытылуын 20% төмендетуге бағытталған, әрі бұл отынды қайта өңдеу қажет. 

Жоспар сәтті жүзеге асырылса, 2022 жылдан кейін пайдалануға берілетін реактордың физикалық және энергетикалық іске қосу кезеңі іске асырылады.

"Біз атомды бейбіт мақсатта пайдалану үшін Ұлттық ядролық орталықтың барлық ғылыми әлеуетін барынша өнімді пайдалануға міндеттіміз" - деді энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

ШҚО әкімі Ұлттық ядролық орталықтағы қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау керегін атап өтті.

"Біз ядролық орталықтың ел үшін маңызын, оның қызметкерлерінің ғылымға қосқан зор үлесін, сондай-ақ ядролық орталық жұмысының болашақтағы оң экономикалық әсерін түсінеміз", - деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу