Елімізде бала асырап алу жолы жеңілдей түспек

1766

Елімізде бала асырап алу жолы жеңілдей түспек

Бұдан былай елімізде бала асырап алу жолы жеңілдей түспек. Тың бастаманы прокурорлардың өздері мықтап қолға алмақ, деп хабарлайды Алматы арнасы.
Бүлдіршін әуелі қамқорлыққа беріледі, ал жарты жылдан соң оны толық асырап алуға мүмкіндік бар. Жаңа жоба аясында талайдан бері балаға кезекте тұрған қос отбасы сәбилі болды. 

Мұндай оқиға елімізде алғаш болып отыр екен. Өйткені, заң бойынша анасы перзентханада бас тартқан балалар, бір ай бойы дәрігерлердің бақылауында болу керек. Кейін олар жетімдер үйіне жіберіліп, ары қарай олар туралы ақпарат арнайы базаға енгізіледі. 
Талғар ауданының прокурорлары мұндай ұзақ рәсімді жеңілдетуді қолға алып, "Жетім балалар үйінсіз Жетісу" жобасын жүзеге асыруда. 
"Бала асырап алғысы келетін отбасылардың барлығы құжат рәсімдеу мәселесі ұзақ уақыт алады деп шағымданады. Сондықтан біз бұл жолды жеңілдетуді қолға алдық. Ата-ананың құжат рәсімдеу мерзімін тездетіп, екі тастанды баланы жетімдер үйіне өткізбестен бірден кезекте тұрғандарға қамқорлыққа бердік. Енді ол отбасылар жарты жыл көлемінде біздің бақылауымызда болады. Егер сәтті болып, ең бастысы баланың жағдайы жақсы болса, әрмен қарай сәбиді сол отбасыға асырауға беру жағын қарастырамыз", – деді Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры Бақұстар Қыдырбаев.

Бүгінде Талғар ауданында 28 отбасы аталмыш жоба аясында бала асырап алуға ниеттеніп отыр. Жоба тиімділігін көрсетсе, олардың саны арта түспек. 
Айта кетсек, қазір елімізде 27 мыңға жуық жетім бала болса, тек 3000-ға тарта отбасы бала асырап алуға кезекте тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу