Елімізде бала туу көрсеткіштері төмендеп келеді

813

2022 жылғы қаңтар-сәуір аралығында елімізде 1 жасқа дейінгі 1 113 нәресте шетінеп кеткен. 

Елімізде бала туу көрсеткіштері төмендеп келеді

Бұған статистика дәлел. АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде 127 мың сәби туылғаны анықталды, деп жазды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуірге (137,4 мың адам) қарағанда 7,6%-ға аз. 

"Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,08 туылғандарды құрады. 2022 жылғы қаңтар-сәуір аралығында елімізде 1 жасқа дейін шетінеген 1 113 нәресте тіркелді. Былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1109 шетінеген нәресте) көрсеткіш 0,4%-ға артқан. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда 8,76 оқиғаны құрады", – деп жазылған бюро таратқан ресми деректе. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу