Қазақстанда балалардың суреті бар ID-карталарын енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл баланың жеке басын нақты анықтауға және сәйкестендіруге көмектеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жыл басында қабылданған "Қазақстан балалары" тұжырымдамасының міндеттерін іске асыру шеңберінде депутаттар үш заң жобасын әзірлеген.
"Жобада баланың жеке басын нақты анықтауға және сәйкестендіруге мүмкіндік беретін балалардың фотосуреті бар ID-карталарын енгізу жөніндегі халықаралық тәжірибе іске асырылды. Бұл балалардың қауіпсіздігін және бала құқықтарының іске асырылуын цифрлық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Әртүрлі бағыттар бойынша барлығы 120-дан астам түзету бар", – деді Құрылтай Төрағасының орынбасары Динара Зәкиева Құрылтайда өткен Үкімет сағатында.
Белгілі болғандай, "AI Құрылтай" көмегімен әзірленген барлық ұсыныстарды депутаттар, сондай-ақ сарапшылар мен заңгерлер тексеріп пысықтаған. Аталған заң жобасы Үкіметтің қорытындысына жолданатыны, одан әрі жұмыс топтарында қаралатыны айтылды.