Балық өндірісі 18,6% пайызға өсті

103

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.  

Балық өндірісі 18,6% пайызға өсті Фото: agroinfo.kz

Биыл қаңтар-қазан айларының аралығында 36,2 мың тонна салқындатылған немесе мұздатылған балық өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,4% артық, деп жазады inbusiness.kz сайты.

10 айда консервіленген балық, уылдырық және оның алмастырғыштарын шығару көлемі де 18,6%, 10,4 мың тоннадан 12,3 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың екінші тоқсанында балық пен теңіз өнімдерін орташа тұтыну тоқсанына шаққанда бір адамға 3,5 кг құрады. Салқындатылған балық бір адамға 2,3 кг, мұздатылған – 0,3 кг, майшабақ – 0,2 кг, консервіленген балық – 0,1 кг болды.

Аймақтар арасында ең жоғары тұтыну Солтүстік Қазақстан облысында – тоқсанына жан басына шаққандағы 5,7 кг, Ақмола облысында – 5,6 кг, Атырау облысында – 5 кг және Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарында – әрқайсысы 4,9 кг. Ең аз тұтыну Шымкентте байқалады - тоқсанына бір адамға 1,1 кг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу