Елімізде балық өнімдеріне сұраныс артты

758

Елімізде балық өнімдеріне сұраныс артты

Қазақстанда балық етіне сұраныс артып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда  жаңа ауланған балықтың  18,6 пайызға көп ауланғаны анықталды, деп хабарлайды energyprom.kz

2017 жылы Қазақстанда жаңа ауланған балық өндірісінің көлемі 19 пайызға, консервіленген балық көлемі 6 пайызға артқан.

Дегенмен жаңа ауланған, мұздатылған және тұздалған балықтар бір жылда 6-9 пайызға, ал консервілер 13 пайызға қымбаттаған.

Дайын және консервіленген балық өндірісінің көлемі 2017 жылдың қаңтар-мамырында 4,3 мың тоннаға жеткен. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 5,8 пайызға көп. Қазақстан бойынша өнімнің үштен екісін Алматы облысы, Батыс Қазақстан облысы және Оңтүстік Қазақстан облысы қамтамасыз етеді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша, жаңа ауланған, тоңазытылған және мұздатылған балықтар көлемі 2015 жылдан қарағанда 16,1 пайызға өскен. Ал консервіленген балық, уылдырық және оны алмастырушылар өндірісі 2,6 пайызға артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу