Елімізде банк депозиттері бойынша ставкалар рекорд жаңартуда

334

Жеке және заңды тұлғалар бойынша өсім байқалып отыр.

Елімізде банк депозиттері бойынша ставкалар рекорд жаңартуда Фото: kurs.prof

Тұрақты базалық мөлшерлеме және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ұсыныстарына қарамастан банк депозиттер бойынша ставкалар рекорд жаңартуды жалғастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, биылғы маусым айында жеке тұлғалардың теңгемен тартылған салымдары бойынша орташа ставка 14% болды. Мамыр айында бұл көрсеткіш 13,9%-ды құраған.

Ұлттық банктің деректерді 1996 жылғы желтоқсаннан бастап жариялағанын ескерсек, тек сол жылдың желтоқсан айында ғана (16,7%) көрсеткіш жоғары болған. 

"Бұл ширек ғасырдан астам уақыт бойы халық үшін мұндай тиімді депозиттер болмаған деген сөз. Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы салымдары бойынша орташа мөлшерлеме 14,6%-ды құрады. Соңғы 25 жылда бұл көрсеткіш 2015-2016 жылдары қысқа уақыт аралығында ғана жоғары болған", - делінген хабарламада.

Банктер бизнестің шетел валютасындағы салымдарына да көбірек бере бастады. Маусым айында қаражат 1,7%-бен тартылды. Бұл – 2017 жылдың қыркүйегінен бастап (2%) есептегенде жоғары көрсеткіш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу