Елімізде бензин мен дизель импорты 20 мың тоннаға азайды

873

Елімізде бензин мен дизель импорты 20 мың тоннаға азайды

2016 жылы бензин мен дизель импорты 20 мың тоннаға азайды, ішкі өндіріс 130 тоннаға дейін өсті, деп хабарлайды finprom.kz.

Мамандардың мәліметі бойынша, импорт төмендегенімен, мотор және дизель отынын өндіру артқан.  2016  жылдың  11 айында еліміздің мұнай өңдеуші кәсіпорындары  7 млн тоннаға жуық, немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 130 мың тоннаға артық дизель өндірген.

Айта кеткен жөн, өндіру көлемі артқанымен,  тұтынушылар  автомобиль отынына тапшылықты сезініп отыр.  2016  қаңтар-қарашада ішкі нарыққа барлығы 8,3 млн тонна отын келіп түскен.  Бұл 2015 жылмен салыстырғанда көп (110 мың тонна), дей тұрғанмен, 2013 және  2014 жылдардағы көлемнен аз.

Елімізде көлік саны артуына байланысты отынға да сұраныс өсті. Осыған байланысты баға қымбаттады. Оның үстіне  2015 жылдың жазынан бастап мемлекет нарықтағы бағаны реттеуді доғарған болатын. 2016 жылы дизель отынының құны бөлшек нарықта 33 пайызға, ал АИ-92 маркалы бензин (сұранысқа ие түрі) 8 пайызға немесе 10 теңгеге өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу