Елімізде бір айдың ішінде 100-ден аса жемқор 3,7 млрд теңгені жымқырған

467

Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратты.  

Елімізде бір айдың ішінде 100-ден аса жемқор 3,7 млрд теңгені жымқырған Фото: check-point.kz

Қазіргі таңда 81 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, 78-і сотқа жолданған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, Қазақстанда өткен қыркүйек айында 100-ден аса жемқордың 3,7 млрд теңгені жымқырып үлгергені анықталды. Барлығы 106 сыбайлас жемқорлық ісі анықталған.

"Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық, заңсыздық және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты. Қылмыстық істер бойынша 93 адам күдікті деп танылды. 81 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 78-і сотқа жіберілді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу