Елімізде бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 155 мың теңгені құрайды

1455

Елімізде бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 155 мың теңгені құрайды

2016 жылғы 4 тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 154 632 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 113,7%, ал нақты жалақы индексі 103,8% құрады. Бұл туралы ҚР статистика комитеті мәлім етті.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 327,2 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді  қазуда – 340,9 мың теңге (2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 310,8 мың теңге (2,0 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 230,1 мың теңге (1,5 есеге асты), көлік және қоймалау саласында – 197,0 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 90,0 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 41,8%-ға төмен және білім беру саласында – 100,0 мың теңге ( тиісінше 35,4%-ға төмен).
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді – 273,8 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 102,7 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,6%-ға төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу