Елімізде бір тәулікте COVID-19 инфекциясының 66 жағдайы анықталды

731

Бір күн бұрын 36 жағдай расталған болатын. 

Елімізде бір тәулікте COVID-19 инфекциясының 66 жағдайы анықталды

Қазақстанда соңғы тәулікте ПТР тесті арқылы расталған коронавирус инфекциясының 66 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сейсенбіде Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, 19,7 миллионнан астам халқы бар республикада пандемия басталғалы бері COVID-19 инфекциясының 1 миллион 409 мың 286 жағдайы расталды.

21 наурыздағы жағдай бойынша 1765 науқас коронавирустық инфекциядан емделуді жалғастыруда, оның ішінде 1595-інде ПТР сынамасы оң, 170-інде теріс нәтиже көрсеткен. Стационарда 140 науқас, амбулаториялық емделушілер 1625.

"КВИ+ және КВИ- жағдайындағы 2 науқастың жағдайы ауыр, 4 науқастың жағдайы өте ауыр, 3 науқас жасанды тыныс алу аппаратында", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу