Елімізде бір жылда үйді сатып алу-сату 2,2 есе өскен

832

2021 жылғы қаңтар-шілдеде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелер саны 323 693 болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде бір жылда үйді сатып алу-сату 2,2 есе өскен

Ұлттық статистика бюро мәліметінше, биыл шілдеде тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелер саны – 46 255 (Оның ішінде 13 403 жеке үй, 32 852 пәтер). Бұл өткен аймен салыстырғанда 14,4% аз. 

Биыл қаңтар-шілдеде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе артқан.

Нұр-Сұлтанда шілдедегі тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелер саны 5 708, Алматыда 6 833, Шымкентте 1 724 болды. Бұл маусым айымен салыстырғанда елордада 5,8%, Алматыда 10,1%, Шымкентте 15,7% аз.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Нұр-Сұлтанда 2,3 есе, Алматыда 86,9, Шымкентте 69,1 өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу