Елімізде бір жылда жүк тасымалының көлемі азайды

312

Қазақстанда бір жылда жүк тасымалының көлемі 2,8%-ға азайды, деп жазады inbusiness.kz. 

Елімізде бір жылда жүк тасымалының көлемі азайды Фото: Elorda.info

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында барлығы 3,8 млрд тонна жүк тасымалданған.

Жүк тасымалдау көлемінің 82,5%-ы жүк автомобилі көлігіне тиесілі: 3,2 млрд тонна.

"Өткен жылдың 12 айында жүк айналымы 603 млрд т-км құрады. Оның ішінде теміржол көлігімен жүк айналымы 312 млрд т-км болды. Бұл 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 4,3%-ға артық. Автомобиль көлігі – 146 млрд т-км", - делінген хабарламада.

Кәсіпорындардың жүк пен багажды тасымалдаудан түскен табысы 12,5%-ға артып, 3 264 млрд теңгеге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу