Елімізде бірқатар мемлекеттік ұйым қайта құрылады

217

Үкімет мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға бағытталған №604 қаулыны қабылдады.  

Елімізде бірқатар мемлекеттік ұйым қайта құрылады Фото: primeminister.kz

Қаулының негізгі бөлігі 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кейбір нормалар 2027-2028 жылдары кезең-кезеңімен енгізіледі.

Құжатқа сәйкес, бірқатар мемлекеттік ұйым біріктіріліп, қайта ұйымдастырылады. Мәселен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы "Қазақфильмге", ал "Камерата Қазақстан" ансамблі Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына қосылады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты үш ұйым Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының құрамына өтеді.

Денсаулық сақтау жүйесінде Республикалық қан орталығы Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығымен біріктіріледі. Сонымен қатар "Talap" КЕАҚ, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты және "Достық Энерго" АҚ толық таратылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу