Елімізде биыл 12 мыңнан астам адам жол-көлік оқиғаларынан зардап шекті

759

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 12 205 адам зардап шеккен.

Елімізде биыл 12 мыңнан астам адам жол-көлік оқиғаларынан зардап шекті

2021 жылғы қаңтар-тамызда елімізде 577 478 жеңіл автокөлік тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 21,6%-ға көп. 

2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, елде 3842,7 мың жеңіл автомобиль тіркелген.

Айта кетсек, биыл қаңтар-тамызда 8 307 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 205 адам зардап шеккен. Демек өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда апатты жағдайлар 10,2%-ға артқан.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу