Елімізде биыл мал басы көбейді

1315

ірі қараның саны өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға өсіп, 7 млн басқа жеткен. Түйе саны 200 мыңның төңірегінде болса, жылқы түлігі 7 пайызға көбейіп, 2,5 млн басты құрады.  

Елімізде биыл мал басы көбейді

Жалпы биыл мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 13 пайызға артып, құны 1трлн 800 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Atameken Business еnergyprom.kz-ке сілтемемен.

Биыл ет өндірісі  4 пайызға артып, 1 млн 600 мың тоннаға жуықтаған. Сүт көлемі 5 млн 300 мың тоннадан асса, ал жұмыртқа саны 11 пайызға өсіп, 5 млн 115 мың данаға жеткен. 

Еліміздегі мал басына тоқталсақ, ірі қараның саны өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға өсіп, 7 млн басқа жеткен. Түйе саны 200 мыңның төңірегінде болса, жылқы түлігі 7 пайызға көбейіп, 2,5 млн басты құрады.  

Өңірлер бойынша алғанда, мал өнімдерінің өндірісі жөнінен Алматы облысы көш бастады. Облыста бір жылда өнім көлемі 16 пайызға көбейіп, жалпы құны 310 млрд теңгеге жеткен. Ал Шығыс Қазақстанда 11 пайызға көтеріліп, 254 млрд теңгені құраған. Одан кейінгі орында 228 млрд теңгенің өнімін өндірген Түркістан облысы тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу