Елімізде британиялық инвестицияның көлемі артты

788

2019 жылы жалпы инвестиция мөлшері 17,2%-ға артқан. 

Елімізде британиялық инвестицияның көлемі артты

Ресми дерек бойынша, соңғы 10 жылда бұл мемлекет Қазақстанға 8,8 млрд доллардай қаражат салған, деп жазады Finprom.kz.

Ұлыбритания – Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі. Осы жылдың алғашқы алты айында британиялық инвестиция көлемі 17,2 %-ға өсіп, 336,5 млн доллар болды. 
Өткен жылы жалпы инвестиция түсімі 593,1 млн доллар болған еді. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 11,1 %-ға артық. 

2018 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы алыс-беріс 1,3 млрд долларды құрады. Оның 63% немесе 793,9 млн доллары қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспорты, ал қалған 37% немесе 466,8 млн доллары британиялық импорттың үлесіне тиесілі. 

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, қазір елімізде 1400-ге жуық британиялық еңбек мигранты жұмыс істеп жатыр.  

Ұлыбритания – Қазақстандағы ірі үш инвестордың бірі. Маусым айындағы дерекке сүйенсек, бұл мемлекеттен құйылған жинақталған инвестиция 22,8 млрд долларға жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6,3%-ға кем. Британиялық инвесторлар үшін Қазақстандағы ең тартымды салалар – кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер. Бұларға қаражаттың 34,3%, яғни 7,8 млрд доллар бөлінген. Ал мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларына 5,3 млрд доллар көлемінде қаражат құйылған. Ал 2,6 млрд доллар мөлшеріндегі инвестиция көлік, азық-түлік салаларына тиесілі. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу