Жедел топтың құрамына кірді:
– Қазақстан Республикасының Премьер-министрі – төраға;
– Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының басшысы – Премьер-министрдің орынбасары;
– Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісім бойынша);
– Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі – төрағаның орынбасары;
– Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелерін қадағалайтын кеңесшісі (келісім бойынша);
– Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары – хатшы.
Топтың жұмыс органы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын – "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы". Ол топ отырыстардың күн тәртібін әзірлейді және қажетті материалдарды дайындайды.
Жедел топтың отырыстары қажеттілікке қарай өткізіледі.
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары топ шешімін орындамағаны немесе тиісті деңгейде орындамаған жағдайда жеке жауапкершілікке тартылады.
Топтың міндеттері:
– экономика саласын цифрлық трансформациялауды қамтамасыз ету;
– цифрландыру саласындағы жобалар бойынша мәселелерді қарастыру.
Топтың өкілеттіктері:
– орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін міндетті шешімдер қабылдау;
– топтың отырыстарына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдерін шақыру.