Елімізде дәрі-дәрмек өндірісі 36%-ға азайды

489

Биылғы 6 айда Қазақстанда 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді. 

Елімізде дәрі-дәрмек өндірісі 36%-ға азайды Фото: inbusiness.kz

Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 73,3 млрд теңгеге тауар өндірілген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 36%-ға аз", - делінген хабарламада. 

Республика бойынша фармацевтикалық өнімдер және препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.

Айта кету керек, былтырғыға қарағанда маусым айында фармацевтика препараттары 11,4%-ға қымбаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу