Елімізде дәстүрлі банктерге исламдық қаржы өнімдерін ұсынуға рұқсат етілуі мүмкін

130

Қазақстанда банк лицензиясының жаңа түрі – "базалық" лицензия пайда болады.  

Елімізде дәстүрлі банктерге исламдық қаржы өнімдерін ұсынуға рұқсат етілуі мүмкін Фото: istockphoto.com

Бұл бастама нарыққа жаңа банктердің кіруін жеңілдетіп, бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24kz телеарнасына сілтеме жасап.

Жаңашылдық "Банктер және банк қызметі туралы" заң жобасына енгізілген. Құжатты Президенттің тапсырмасымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк әзірлеп жатыр.

"Қазіргі қолданыстағы заңнама ескірген. 30 жыл бұрын қабылданған құжат қазіргі қаржы секторының талаптарына толық сай емес", - дейді мамандар.

"Базалық" лицензияның "әмбебап" лицензиядан айырмашылығы – кейбір операцияларды жүргізуге болмайды, қызмет ауқымына шектеулер қойылады, ал өзара байланысы бар тараптарды несиелеуге тыйым салынады. Заң жобасында 7 негізгі бағыт қамтылған. Атап айтқанда, төлем қабілеті жоқ банктерді реттеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, исламдық банкингті дамыту қарастырылуда. Мәселен, дәстүрлі банктер бизнес-моделін өзгертпей-ақ исламдық қаржы қызметтерін ұсына алады. Заң жобасы 1 маусымға дейін Үкіметке жіберіледі. Ал, қыркүйекте Парламенттің қос палатасында талқыланады.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, исламдық банктің жалпы потенциалы үлкен. Сол үшін біз әмбебап банктерге сол исламдық операцияны жасауға мүмкіншілік беру арқылы біз ойлаймыз, сол исламдық операцияның нарығын дамытуға оңды ықпал етеміз. Маңызды заң жобасының бағыты – тұрақсыз банктерге сол реттеу, жаңа реттеу механизмін енгізу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу