Елімізде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері біліктіліктерін арттырады

784

Қазақстанда дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін 1 630 мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.    

Елімізде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері біліктіліктерін арттырады Фото: qamshy.kz

Курсты Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы ұйымдастырады деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аталған министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, тегін курстар 3 қазанда басталып, 2022 жылдың 9 желтоқсанына дейін жалғасады. Сабақтың алғашқы легі Астана қаласы мен Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Солтүстік Қазақстан облыстарында басталып кетті. Оларға 370 дене шынықтыру мұғалімі қатысып жатыр.

"Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жұмыс сапасы мен кәсіби деңгейін арттыру мақсатында біз екінші жыл қатарынан арнайы әзірленген курстарды өткізіп жатырмыз. Былтыр бұл курстан 950 мұғалім өтті. Бүгінде еліміздің 5 өңірінде курстар басталды. Мұғалімдердің сұранысы негізінде оқыту екі тілде ұйымдастырылады. Ұстаздарымыздың кәсіби деңгейін арттыру – басты міндеттердің бірі", – деді Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Сағдат Садықов.

Курстарды аяқтаған мұғалімдер тест тапсырып, мемлекеттік үлгідегі сертификаттар алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу