Елімізде детективтік шығармалар байқауына жұмыстарды қабылдау мерзімі ұзартылды

115

Бұрын еш жерде жарияланбаған детективтік шығармалар қабылданады.  

Елімізде детективтік шығармалар байқауына жұмыстарды қабылдау мерзімі ұзартылды Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі IV халықаралық "Серт" детективтік шығармалар байқауына жұмыстарды қабылдау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін өтінімдерді қабылдау сәуір айына дейін болған, алайда қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық пен байқау географиясының кеңеюіне байланысты ұйымдастыру комитеті жұмыстарды қабылдау мерзімін 1 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

"Серт" байқауы ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлігі мен кәсіби батылдығын насихаттауға, полицияның оң имиджін қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамның мәдени және рухани адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Байқау жұмыстары қызметтің күрделілігін ашып, қызметтік борышына адалдық пен жанқиярлықтың нақты мысалдарын қамтуы керек. Байқауға Қазақстан мен шетелдердің БАҚ өкілдері, жазушылары, шығармашылық тұлғалары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыса алады.

Бұрын еш жерде жарияланбаған, қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған және нақты оқиғаларға негізделген детективтік шығармалар (романдар, повестер, әңгімелер) қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу