Елімізде дизель отыны 36%-ға қымбаттады

572

Елімізде бір жылда жанар-жағармай материалдары 8%-ға, ал дизель отыны 36%-ға қымбаттады. Оның ішінде жазғы дизель отыны – 19%-ға, қысқысы – 55,9%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде дизель отыны 36%-ға қымбаттады

Осы жылдың тамыз айында жеке көлік құралдарына арналған жанар-жағармай материалдарының құны бір жылда 7,9%-ға өскен.

Өңірлік бөліністе жанар-жағармай материалдарының бағасы Павлодар облысында 11,2%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында 11%-ға, Абай облысында 10,3%-ға көтерілген. Ең төмен жылдық өсім Алматы және Түркістан облыстарында тіркелді.

Бензин бағасы бір жылда 3,5%-ға артты. Оның ішінде АИ-92 маркалы бензин бағасы 3,2%-ға, АИ-98 5,9%-ға, АИ-95/96 6,2%-ға өсті.

2022 жылғы тамызда еліміз бойынша АИ-92 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы орташа бағасы литріне 178 теңге, АИ-95/96 – 210 теңге, АИ-98 – 232 теңге, жазғы дизель отыны – 238 теңгені құраған.

19 қыркүйектегі деректерге сәйкес, ТМД елдері арасында бензин мен дизель отынының ең жоғары бағасы Украинада тіркелген. Ең төменгі баға -Түрікменстанда.

Елімізде бір литр бензин - 0,44 доллар, дизель отыны - 0,499 доллар тұрады. Бензиннің арзандығы бойынша Қазақстан Түркіменстаннан кейін екінші орында тұр. Дизель отынының бағасы Түрікменстан мен Әзірбайжанда айтарлықтай төмен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу