Елімізде дизель отыны қымбаттады

2036

Қазақстанда жазғы дизель бағасы бір жылдың ішінде 6% -ға қымбаттаса, АИ-92 маркалы бензин 6%-ға арзандаған. 

Елімізде дизель отыны қымбаттады

Қазіргі кезде елімізде бензин мен дизель отынының бағасы салыстырмалы түрде тұрақты. Шілде айының соңында бөлшек саудада АИ-92 маркалы бензин 0,02%-ға арзандап, бір литрі 146,7 теңгеге бағаланса, АИ-95 пен жазғы дизель отыны 0,2%-ға қымбаттап, 168,7 және 192,5 теңге дейінде тұрақтады. 

Ал бір жылдың ішінде жазғы дизель отынының бағасы 6%-ға көтерілсе, АИ-92 бензині – 6%-ға, АИ-95 – 4,1%-ға, АИ-98 – 3,3%-ға арзандаған. 

Жалпы бензин мен дизель өндіру бойынша елімізде үш зауыт жұмыс істейді. Олар: Шымкент қаласындағы – "ПетроКазахстан Ойл Продактс", Павлодардағы мұнай-химия зауыты және Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты. Қазіргі кезде дизель отынын өндіру бойынша Павлодар облысы 1,1 млн тонна көрсеткішпен көш бастап тұр.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға төмен.

Екінші орынға 874,1 мың тонна дизель отынын өндірген Атырау облысы жайғасты. Аталмыш өңір өткен жылмен салыстырғанда 7,3% өсім көрсеткен. Ал Шымкенттік зауыт 845,4 мың тонна дизель өндіріп, өткен жылға қарағанда 37,6%-ға жоғары нәтижеге қол жеткізді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу