Елімізде доллардағы депозиттердің үлесі азайған

731

Қазақстанда теңгемен сақталатын депозит үлесі артып келеді. 

Елімізде доллардағы депозиттердің үлесі азайған

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев доллардағы депозиттердің үлесі азайып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"2021 жылдың қаңтарда депозиттердің долларландыру деңгейі 37%-ға жетіп, төмендеуді жалғастырды",– деді Ұлттық банк төрағасы.

Ерболат Досаев биыл банктегі депозиттер 22,7 трлн теңгеге немесе 2,7%-ға өскенін жеткізді. Оның айтуынша, теңгемен сақталатын депозит үлесі артқан.

"Оның ішінде ұлттық валюта 3%-ға немесе 14 млрд 300 млн теңгеге, (өсім 415 млрд теңге), шетел валютасында 2%-ға немесе 8,4 трлн теңгеге (өсім 171 млрд теңге) өсті",– деді төраға.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу