Елімізде дрон өндірісі қолға алына ма?

122

Бұл мәселе қазір зерттеліп жатыр. 

Елімізде дрон өндірісі қолға алына ма? Фото: KAZAKH INVEST

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков елімізде дрон өндіру мүмкіндігіне қатысты сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Bayraktar-ға қатысты бізде келісім болды. Қазір зерттеліп жатыр. Бұл сұрақ жақында шешімін табады деген ойдамын", – деді спикер Сенат кулуарында. 

Асқар Мұстабековтің сөзінше, елімізде дрон өндірісін дамыту бағытында жұмыстар қарастырылып жатыр. Бірақ бұл жабық ақпарат болғандықтан, оған толыққанды жауап бере алмайтынын жеткізді. 

Осыдан екі жыл бұрын Қорғаныс министрлігі Baykar Defence компаниясының басшылығымен келіссөз нәтижелі болғанын жазған еді. Тараптар еліміздің аумағында жедел деңгейдегі тактикалық ұшқышсыз авиациялық жүйелер мен тосқауылдайтын оқ-дәрілер өндірісін оқшаулау мәселесі бойынша жол картасын әзірлеу туралы келісімге келгені айтылды.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда дрон арқылы тауар жеткізу қызметі іске қосылатынын жазғанбыз. Жоба алғашында пилоттық режимде қызмет көрсетеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу