Елімізде Дүниежүзілік жол қауымдастығының ұлттық комитетін құру жоспарланып отыр

416

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов пен PIARC дүниежүзілік жол қауымдастығының президенті Назир Әли елімізде Дүниежүзілік жол қауымдастығының ұлттық комитетін құру жоспарлары туралы меморандумға қол қойды, деп жазады inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елімізде Дүниежүзілік жол қауымдастығының ұлттық комитетін құру жоспарланып отыр

Қауымдастық елімізбен құрылыста, жобалау мен жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тәжірибе алмасуға ниетті екенін жеткізді.

"Біз үшін қазақстандық тәжірибе өте қызық. Ғылыми жұмыстармен, орасан жоспарларыңызбен таныстық және болашақта сіздермен жұмыс істеп, тәжірибе алмасқымыз келеді. Әсіресе қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында жолдарды жобалау технологиясы қызықтырады", - деді Назир Алли.

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан тарапы автоматтандыру жобаларын іске асыруда өзара іс-әрекет жасауға дайын екендігін хабарлады.

"Кездесуде шетелдік әріптестер жол инфрақұрылымымен, ғылыми әзірлемелермен ғана емес, халықаралық тасымалдаудың озық тәжірибесімен де бөлісті. Келешекте осы бағытта етене жұмыс істейміз деген ойдамыз. Тұтастай алғанда, Қазақстан әрдайым жаңа технологияларды зерттеп, енгізуге дайын. Мемлекет басшысының сапаны арттыру, жаңа технологияларды қолдану жөніндегі міндеттерін іске асыру үшін біз тұрақты негізде халықаралық тәжірибені пысықтап, қарастырып келеміз", - деді Алмаз Ыдырысов.

Айта кету керек, PIARC дүниежүзілік жол қауымдастығы 1909 жылы Париж қаласында құрылды. Халықаралық ұйымға 140-тан астам елдің мемлекеттік органдары мен жол әкімшіліктері, ғылыми институттар, оқу орындары және жол құрылысы мен қызмет көрсетудің жеке компаниялары кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу