Елімізде екі байланыс операторы автоқоңырау қызметін өшіреді

283

Өзгерістер маусым айының соңынан бастап күшіне енеді.  

Елімізде екі байланыс операторы автоқоңырау қызметін өшіреді Фото: canva

Kcell және Beeline ұялы байланыс операторлары автоқоңырау қызметін тоқтататынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда абоненттер арасында кеңінен танымал болған автоқоңырау қызметі кезең-кезеңімен тоқтатылады.

Kcell және Activ абоненттері үшін "Микроқоңырау" қызметі 30 маусымнан бастап жұмысын тоқтатады. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда абоненттердің басым бөлігі мессенджерлерді, дауыстық хабарламаларды және басқа да цифрлық байланыс құралдарын пайдаланады. Сондықтан автоқоңырау қызметіне деген қажеттілік айтарлықтай төмендеген.

Beeline компаниясының Beep Call қызметі 1 шілдеден бастап барлық абоненттер үшін өшіріледі. Оператордың мәліметінше, көптеген пайдаланушылар өткізіп алған қоңыраулардан кейін келетін автоматты қоңыраулардың қолайсыздық тудыратынын айтқан.

Сонымен қатар Tele2 және Altel операторлары әзірге бұл қызметке қатысты ресми ақпарат жариялаған жоқ. Компаниялардың ресми сайттарында да автоқоңырауды тоқтату жөнінде хабарлама жоқ.

Айта кетейік, өткен айда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілетінін мәлімдеген болатын. Ұсынылған түзетулерге сәйкес, автоқоңырау қызметіне тыйым салынып, өткізіп алған қоңыраулар туралы ақпарат абоненттерге тек қысқа мәтіндік хабарлама (SMS) арқылы жеткізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу