Елімізде экс-полицейлер мен судьялар мектеп мұғалімі атануы мүмкін

Оқу-ағарту министрлігі бұйрық жобасын дайындап, қоғамдық талқылау үшін сайтқа шығарды.  

Елімізде экс-полицейлер мен судьялар мектеп мұғалімі атануы мүмкін Фото: gov.kz

Осылайша, ведомство педагогтардың біліктілік талаптарына түзетулер әзірлеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобаға сай бұрын құқық қорғау немесе сот органдарында қызмет еткен адамдар бірқатар шартты орындаса, мұғалім болып жұмыс істеу ықтималдығы жоғары.

Оларға "Құқық негіздері" курсының оқытушысы және кәсіби кеңесші-педагог лауазымдарын атқаруға рұқсат етілмек. Әлбетте, ол үшін талаптарды мүлтіксіз орындауы керек.

– Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істеген, сондай-ақ басқа да мамандықтар бойынша білімі бар және педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдарға білім беру ұйымдарына "Құқық негіздері" пәнінің мұғалімі және педагог-кәсіби бағдар беруші лауазымына орналасуға мүмкіндік береді, – деп жазылған құжат жобасында.

Құжат "Ашық НҚА" алаңында орналастырылған және 10 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу