banner

Елімізде электр энергиясына деген сұраныс өндірістен асып барады

668

Қыс маусымында электр энергиясына тапшылық туындауы мүмкін. 

Елімізде электр энергиясына деген сұраныс өндірістен асып барады Фото: aikyn.kz

Биылғы қыркүйек айында  "KEGOC" АҚ деректеріне сәйкес еліміздегі электрстанциялары 8,52 млрд кВт.с энергия өндірді, жыл ішінде көрсеткіш 3%-ға кеміген. Ал, тұтыну көлемі 8,54 млрд кВт.с болған. Мұндай тапшылық мамыр айынан бері байқалып келеді деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал дерегінше, биылғы тоғыз айда елімізде 82,2 млрд кВт.с электр энергиясы өндірілген, жыл бұрынғы көрсеткіштен 2%-ға төмен. Әзірге тұтыну көлемі өндірістен 0,03%-ға ғана артық, алайда бұл жағымсыз трендтің басы ғана болуы мүмкін. Өңірлер арасында энергия профициті Павлодар мен Атырау облыстарында байқалады. Басқа өңірлердің барлығында электр энергиясына тапшылық бар.

Алдағы жылыту маусымында электр энергиясына деген тапшылық 1,5 млрд кВт.с құрауы мүмкін, оның орнын толтыру үшін шекаралас мемлекеттерден электр энергиясы импортталуы ықтимал. Бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов отандық энергокөздердегі құрал-жабдықтардың тозуы салдарынан электр желілерінде апаттар жиілеп кеткенін айтқан болатын. Бүгінде электр энергиясын өндіретін құрылғылардың 60%-і тозған.

 Қазіргі таңда "Самұрық-Қазына" осы салада 2023 жылына дейін жалпы құны 1,2 трлн теңге болатын алты жобаны жүзеге асыруда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу