Тиісті өзгерістер "Цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әзірге жаңа нөмірлердің нақты дизайны мен түсі заңда көрсетілмеген. Бұл мәселелерді Ішкі істер министрлігі қосымша нормативтік-құқықтық актілер арқылы бекітеді.
Бұған дейін ІІМ вице-министрі Санжар Әділов әлемдік тәжірибеде электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмірлердің көбіне жасыл түспен белгіленетінін айтқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу