Елімізде электронды темекі сатылымы туралы нормативтік-құқықтық база жоқ

1630

Әлемді жасөспірімдердің электронды темекіге әуестігі алаңдататып отыр.

Елімізде электронды темекі сатылымы туралы нормативтік-құқықтық база жоқ

Елімізде қоғамдық орындарда "вэйп" тартуға тыйым салынған. Тіпті оларға акциз де енгізілді. Дегенмен олардың сатылымы мен қолданылуын бақылайтын нақты нормативтік-құқықтық база жоқ. Ал электронды темекінің сатылымына мүлдем тыйым салу мәселесі бүгінгі күнге дейін көтерілмеді.

Айта кетсек, қазір әлемді жасөспірімдердің электронды темекіге әуестігі алаңдататып отыр.

Денсаулық сақтау ұйымы электронды темекілерді қатаң сынға алды. Ұйым өкілдері: "мұндай шылымнан денсаулыққа келер залал шаш етектен және темекіге құмар адамдардың зиянды әдетті тастауына көмектеспейді",– дейді.

Олардың айтуынша,  өндірістегілердің "мұндай темекінің зияны аз" дегенді алға тартып, өнім саудасын кеңейтуі нағыз қауіп төндіріп отыр. Өйткені қазір "вэйп" деп аталатын электронды шылымды тартатын жасөспірімдердің қатары күн санап көбейіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу