Елімізде электрондық сауда дамып келеді

544

Болжам бойынша екі жылдан кейін онлайн-сауда нарығы елдегі бөлшек сауданың 15%-ын құрайтын болады.  

Елімізде электрондық сауда дамып келеді Фото: Abai.kz

Euromonitor International халықаралық компаниясының алдын ала деректеріне сәйкес, Қазақстандағы электрондық сауда көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша 20,2%-ға, 1,3 трлн теңгеге дейін (интернет арқылы көрсетілетін қызметтер саудасын есепке алмағанда) артқан. Бұл 2021 жылға қарағанда 220,1 млрд теңгеге көп, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Былтырғы онлайн-сатылымдардың жалпы сомасындағы айтарлықтай үлес (32,4%) сән саласына тиесілі. Өткен жылы қазақстандықтар киім, аяқ киім және түрлі аксессуарларды онлайн сатып алуға 423,9 млрд теңге жұмсаған (+17%). Сатып алу көлемі бойынша тұрмыстық техника және электроника екінші сатыға жайғасты. Бұл санаттың үлес салмағы – 27,1%. Жоғары технологиялық тауарлар 355 млрд теңгеге сатылды.

Азық-түлік сегменті де онлайн-сатылым бойынша оң динамика көрсетті. Электронды азық-түлік нарығының көлемі 35,4 млрд теңгеден 45,5 млрд теңгеге дейін өсті. Бұдан бөлек сусындар мен темекі интернет арқылы айтарлықтай көлемде сатып алынған: 69,9 млрд теңге, +23,3%.

Euromonitor International компаниясы өз статистикасында интернет арқылы көрсетілген қызметтердің құн көлемін есепке алмайды.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне келсек, мұнда 2022 жылғы нақтыланған көрсеткіштер мамыр айында ғана қалыптастырылады.

PwC консалтингтік компаниясы сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстандағы бөлшек электрондық сауданың 83%-ын маркетплейстер құрайды. Бұл 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы деректер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу