Елімізде ең биік таулы жерде көпір құрылысы басталды

441

Шығыс Қазақстанда облысында Осинов асуын айналып өтетін жол салынып жатыр.  

Елімізде ең биік таулы жерде көпір құрылысы басталды Фото: ҚР Көлік министрлігі

Жаңа учаске көп жылдан бері өңірдегі ең қауіпті жолдардың бірі саналған тау серпантинін алмастырады. Сондай-ақ күзде Қазақстандағы ең биік таулы көпір пайдалануға беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жауапты министрліктің хабарлауынша, жоба аясында III техникалық санаттағы заманауи екі жолақты автожол салынып жатыр. Бұл жол қауіпсіз әрі жыл бойы үздіксіз көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Жобаның негізгі нысандарының бірі – Пихтовка өзені арқылы өтетін көпір. Оның ұзындығы 175 метр болса, тіректерінің биіктігі 45 метрге жетеді. Құрылыс аяқталғаннан кейін бұл Қазақстандағы ең биік таулы көпір болады.

Қазіргі уақытта көпірдің 8 тірегінің алтауы толық тұрғызылған. Қалған тіректердің құрылысы жалғасып жатыр. Мамандар көпір арқылы көлік қозғалысын биыл күзде ашуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу