Еліміздегі әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша айыппұлдардың басым бөлігі АЕК-ке байланысты болғандықтан, айыппұл сомалары да арта түспек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған орай, Қазақпарат деректеріне сүйене отырып, бірнеше мысал келтіреміз.
"Тоқтау және тұрақ ережелерін бұзу" – 21 625 теңгеден (5 АЕК) 43 250 теңгеге дейін (10 АЕК) артады.
Айыппұл мөлшері жүргізушінің көлікті тротуарға, көгалға, қоғамдық көлік аялдамасына, тыйым салынған белгі астына қоюына немесе басқа көліктердің шығуын бөгеп қалуына тікелей байланысты.

"Жылдамдық режимін асыру" – 21 625 теңге (5 АЕК).
Белгіленген шектен +1-40 км/сағ аралығында артық жүруге қатысты жаза қолданылады.
"Бағдаршам сигналдарын бұзу" – 43 250 теңге (10 АЕК).
Қызылға өту немесе тоқтауға мүмкіндік бола тұра сары жанғанда тоқтамау жағдайларына салынатын айыппұл.
"Белгілер мен жол таңбасының талаптарын сақтамау" – 12 975 теңге (3 АЕК).
Жол белгілерінің талаптарын орындамау немесе тұтас сызықты кесіп өту үшін жазылады.
"Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" – 21 625 теңге (5 АЕК)
Егер көлік шиналары тозған, фаралары істемейтін, тежегішінде ақауы бар немесе нөмірі дұрыс орнатылмаған күйде пайдаланылса, айыппұл салынады.
"Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзу" – 21 625 теңге (5 АЕК).
Жүргізуші немесе жолаушы белдік тақпаса, мотоциклист шлем кимесе, айыппұл қарастырылған.
"Жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзуы" – 8 650 теңге (2 АЕК).
Жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өту, бағдаршам қызыл жанғанда өту немесе қозғалысқа тыйым салынған жол бөлігінде жүру жағдайларына қатысты жазалау.
"Қоғамдық орындарды ластау" – 43 250 теңге (10 АЕК).
Көшелерге, аулаларға, кіреберістердің маңына, аялдамаларға немесе ормансаябақ аймақтарына қоқыс тастауға салынатын айыппұл.
"Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу" – 21 625 теңге (5 АЕК).
Аулаларда, кіреберістерде, балалар алаңдарында, көшелерде алкоголь ішу, сондай-ақ қоғамдық орындарға мас күйінде келу жағдайлары үшін жазалау.
"Түнгі уақытта тыныштықты бұзу"
- жеке тұлғаларға – 21 625 теңге (5 АЕК);
- шағын бизнес пен ҮЕҰ-ға – 43 250 теңге (10 АЕК);
- орта бизнеске – 64 875 теңге (15 АЕК);
- ірі бизнеске – 216 250 теңге (50 АЕК).
"Тыйым салынған орындарда темекі шегу" – 21 625 теңге (5 АЕК).
Кіреберістерде, балалар алаңдарында, қоғамдық көлікте, аялдамаларда, әкімшілік ғимараттарда және темекі шегуге толық тыйым салынған басқа да орындарда шылым шеккені үшін салынатын айыппұл.
"Ұсақ бұзақылық" – 86 500 теңге (20 АЕК).
Ұсақ бұзақылыққа қоғамдық жерде балағат сөз айту, жүргіншілерге тиісе беру, агрессивті мінез-құлық көрсету немесе қоғамдық тәртіпті әдейі бұзудың өзге де түрі жатады.