Елдегі ең көп жалақы сұрайтын мамандар белгілі болды

Наурыз айында Enbek.kz электронды еңбек биржасында жұмыс берушілер шамамен 102,6 мың бос жұмыс орнын жариялады.    

Елдегі ең көп жалақы сұрайтын мамандар белгілі болды Фото: gov.kz

Ондағы ең көбі білім беру саласына тиесілі болып тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ал жұмыс іздеушілер 107,1 мың түйіндеме орналастырғаны анықталды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сай, наурызда Қазақстанда жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны заң бөлімі басшысының орынбасарларына (шамамен 1,4 миллион теңге), бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторларына (1,38 миллион теңге), өндіруші саладағы өндіріс басшыларына (1,14 миллион теңге) ұсынған.

Десе де, жұмыс іздеушілер өз түйіндемелерінде мұнан да жоғары жалақы алғысы келеді. Олардың қатарында 4,2 миллион теңге сұраған HR-бизнес-серіктестер мен 3 миллион теңге жалақыға қанағат еткен каротажшылар (ұңғымамен жұмыс істейтін мамандар) бар. Сол секілді, өнеркәсіп саласындағы зертхана басшылары шамамен ай сайын 2,5 миллион теңге алғысы келеді.

2026 жылдан бері Enbek.kz платформасында 304 мыңнан аса бос жұмыс орны және шамамен 394,5 мың түйіндеме жарияланып отыр.

Ең көп бос жұмыс орны білім беру саласына (22,6 мың вакансия) тиесілі. Ал ең көп жұмыс ұсынысы Түркістан облысында (7,7 мың вакансия) жарияланған.

Бұған дейін Қазақстандағы ең жоғары жалақы төлейтін өңірлер туралы жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу