Елімізде есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жаза жеңілдетілуі мүмкін

88

Ұсыныс "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта көрсетілген.  

Елімізде есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жаза жеңілдетілуі мүмкін Фото: polisia.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі есірткіні сату үшін емес, өзінде сақтау, сатып алу немесе тасымалдау жағдайларына қатысты жазаны жеңілдетуді ұсынып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Егер есірткі мөлшері ірі немесе аса ірі болмаса, адам қылмыстық іс бойынша емес, әкімшілік тәртіппен жауапқа тартылуы мүмкін. Мысалы, есірткіні сатып алғаны, сақтағаны немесе тасымалдағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 129 750 теңге айыппұл немесе он тәулікке дейін қамау ұсынылып отыр.

Есірткіні өндірген немесе қайта өңдеген жағдайда жаза бұдан да жоғары болады. Заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл немесе 20 тәулікке дейін қамау қарастырылған. Бұл ретте есірткі тәркіленеді.

Ал есірткіні сату немесе тарату мақсаты болса, қылмыстық жауапкершілік бұрынғыдай сақталады. Сондай-ақ ірі және аса ірі мөлшердегі есірткіге қатысты қылмыстық жаза өзгермейді. Министрлік бұл өзгеріс есірткіні заңдастыру емес екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу