Елімізде газ апатын анықтау үшін дрондар қолданылады

83

QazaqGaz өнеркәсіп қауіпсіздігін арттыру мақсатында газ желілерін қашықтан бақылайтын технологияларды енгізді.  

Елімізде газ апатын анықтау үшін дрондар қолданылады Фото: aeromotus.ru

Кәсіпорын BL-CH4 метан лазерлік детекторымен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппаратын көпшілікке таныстырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Аталған дрон газ құбырларын әуеден тексере алады, яғни лазер сәуленің жұтылуы арқылы метанның бар-жоғын анықтайды. Бұл газдың шығуын құбырды тексерместен анықтауға және оның орнын қашықтан дәл белгілеуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл инфрақұрылымның жай-күйін жедел бақылауға және газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға көмектеседі", – делінген "Самұрық-Қазына" қорының хабарламасында.

Бұл – газ инфрақұрылымын цифрландыру және дамыту бойынша жұмыстардың бір бөлігі ғана. Бұдан бөлек, компания деректерді қашықтан жіберетін 1,3 миллионнан астам смарт-газ есептегішін орнатып, "толықтай дайын" форматтағы кешенді цифрлық жүйе құрып жатыр. Жоба ең алдымен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде іске асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу