Елімізде газ желісі бір жылда 4 мың шақырымнан асты

812

2020 жылы 1074 елдімекенге газ тартылды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6%-ға көп. 

Елімізде газ желісі бір жылда 4 мың шақырымнан асты

2020 жылы Қазақстанда 4,2 мың шақырым газ желісі жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Газға қосылған елді мекендердің жартысынан астамы 3 өңірде орналасқан: Батыс Қазақстан облысы (230), Жамбыл (214) және Түркістан (148) облыстары.
Өткен жылы елімізде 4,2 мың шақырым газ желісі жүргізілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп. 2020 жылы 228,9 шақырым газ желісі істен шықты. 
2020 жылдың соңында көшедегі газ желісінің ұзындығы 32,7 мың шақырым болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға көп.

Жөндеуді қажет ететін көшедегі газ желісінің ұзындығы бір жылда 14,1%-ға азайды: 2020 жылы 124,1 шақырым. Өткен жылы 130,4 шақырым газ желісі жөнделді.
Сондай-ақ 2020 жылы 19 апат тіркелген: 2029 жылы 9 апат, 2018 жылы 51 апат.
Табиғи газды реттеу пункттерінің саны бір жылда 11,9%-ға өсіп, 1,5 мың болды.
Өткен жылы 28 мың есептеу құралы орнатылды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 8%-ға көп.

2021 жылғы сәуірде газ тарату желілері арқылы тасымалданатын табиғи газ тарифі – 1 текше метр үшін 25 теңге (Қазақстан бойынша орташа есеп).

Ең төменгі тариф Атырау (1 текше метрі – 8,1 теңге), Ақтау мен Ақтөбеде (1 текше метрі – 10 теңгеден). 

Ең жоғары тариф Түркістан мен Шымкентте: 1 текше метрі – 31,6 теңге
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу