Елімізде ғылымға салынған инвестиция көлемі 26 млрд теңгеге жетті

430

Инвестицияның негізгі бөлігі Маңғыстау облысының үлесіне тиді.

Елімізде ғылымға салынған инвестиция көлемі 26 млрд теңгеге жетті Фото: inbusiness.kz

Биылғы қаңтар-наурыз айларында кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,8 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғыға қарағанда 3,4 есе көп. Инвестициялардың нақты өсуі – 225,9%, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап. 

Республика бойынша салымдардың басым бөлігі Маңғыстау облысына тиесілі болды: 16,8 млрд теңге. Жылдық өсім – 75,3 есе. Еліміз бойынша ғылымға салынған барлық инвестициялардың 65,2%-ы аталмыш өңірдің үлесіне тең. 

Екінші орынға Алматы орналасты: 3,4 млрд теңге. Үшінші орынға Астана жайғасты: 1,2 млрд теңге. Үздік үштікке сектордағы инвестициялардың жалпы көлемінің 83,3%-ы тиесілі.

Сектордағы инвестициялардың ең аз көлемі Шымкент қаласы (30,5 млн тг), Ұлытау (46,7 млн тг) және Жетісу (60,1 млн тг) облыстарында тіркелді.

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен болды: 98,1%. Бірінші тоқсан қорытындысына сәйкес, меншікті қаражатқа – 25,3 млрд теңге, банктік емес қарыз қаражатына – 394,1 млн теңге, банктік несиелерге – 89,7 млн теңге, жергілікті бюджет қаражатына – 14,9 млн теңге тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу