Елімізде халық саны бір жылда 1,3 пайыз өсті

1154

Өзге өңірлермен салыстырғанда үш мегаполисте өсім көбірек.

Елімізде халық саны бір жылда 1,3 пайыз өсті

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18809,2 мың адамға жеткен, оның ішінде қалалықтар саны 11087,5 мың болса (58,9%), ауыл тұрғындарының саны – 7721,7 мың (41,1%).

"2019 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 238,9 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы (63,9 мың адам), Нұр-Сұлтан (49,5 мың адам) және Шымкент (32,8 мың адам) қалаларында қалыптасты",– деп жазылған статистика бюросының дерегінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу