Елімізде индустриялық алаңдарды басқарудың жаңа тетігі енгізіледі

96

Бұл туралы ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.  

Елімізде индустриялық алаңдарды басқарудың жаңа тетігі енгізіледі Фото: qazindustry.gov.kz

Сала басшысы Үкімет отырысында өнеркәсіп алаңдарын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ерсайын Нағаспаев бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде инженерлік желілермен және қажетті логистикамен жабдықталған өнеркәсіптік алаңдарды дамыту бойынша дәйекті саясат жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде елімізде:

  • 10,4 трлн теңге инвестиция тартылған 16 арнайы экономикалық аймақ;
  • Инвестиция көлемі 1,6 трлн теңгені құрайтын 305 жоба орналастырылған 66 индустриялық аймақ жұмыс істейді.

"Шағын және орта бизнесті қолдау үшін шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 25 МӨЗ құрылды, онда 44 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта индустриялық алаңдарды басқарудың жаңа тетіктерін пысықтау және түрлі көздер есебінен инфрақұрылымды қаржыландыруды қамтамасыз ету жоспарлануда", – деді министр Ерсайын Нағаспаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу