Елімізде инфляция бойынша болжам жаңартылды

2024 жылы мұнай бағасы төмендеуі мүмкін. 

Елімізде инфляция бойынша болжам жаңартылды Фото: inform.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк хабарлады. 

"Мұнай нарығы Қытай экономикасының қалпына неғұрлым баяу келуіне, жоғары әлемдік инфляцияға және орталық банктердің тежеу саясатына байланысты бірқалыпты дамиды деп күтілуде. Осы факторларды ескере отырып, базалық сценарийде мұнайдың орташа бағасы 
2023 және 2024 жылдарға бір баррель үшін 82 және 80 АҚШ долларына дейін төмендеу жағына қарай қайта қаралды", – деп жазылған бас банктің түсіндірмесінде. 

Ұлттық Банктің алдыңғы болжамдарында ескерілмеген ТКҚ тарифтері бойынша шекті бағалардың жоспарлы көтерілуін және іс жүзіндегі жанармай бағасының өсуін, сондай-ақ жоғарырақ фискалдық импульсті ескере отырып, инфляция болжамы жаңартылды. 

"Осылайша, базалық сценарийде биыл жылдық инфляция 11-14%, 2024 жылы – 9-11%, 2025 жылы – 5,5-7,5% шегінде болжанады. 2023-2024 жж. тұтыну бағаларының индексіне ЖЖМ және ТКҚ көтерілген бағасының жанама үлесін Ұлттық Банк 1-2,5 п.т. шегінде бағалайды", – деп хабарлады ҰБ.  

Дегенмен, инфляцияның төмендеу динамикасы жалғаса береді. Бұған азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі және жылдық инфляция төмендеген сайын тежегіш сипатқа ие бола бастаған ақша-кредит шарттары ықпал етеді. 

Сонымен қатар бюджет тапшылығының жоспарлы азаюы және 2024-2025 жылдары бюджеттік қағиданы сақтауға оралу кезінде сыртқы инфляция мен инфляциялық күтулердің баяулауы жалғасады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу