Елімізде ірі зертханалар желісіне қатысты тергеу басталды

106

Тергеуді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізіп, кәсіпкерлерге қойылған заңсыз талапты жойды.       

Елімізде ірі зертханалар желісіне қатысты тергеу басталды Фото: gov.kz

"INVIVO Business" ЖШС зертханалық қызметтер нарығындағы субъектілермен кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттарын жасасып, онда франчайзинг шарты бұзылғаннан кейін 24 ай бойы бәсекелестермен ынтымақтастық жасауға тыйым салатын талаптарды көздеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шарттар елдің 16 қаласында зертханалық қызметтер нарығындағы көптеген субъектілердің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына кедергі келтірген.

"INVIVO Business" ЖШС монополияға қарсы органның хабарламасын ерікті түрде орындап, бәсекелестікті шектейтін нормаларды шарттардан алып тастады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде зертханалық қызметтер нарығындағы 143 субъектінің құқықтары қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу