Елімізде қалқанша без обырын емдеуге арналған дәрі шығарылады

912

Қазақстанда қалқанша без обырын емдеуге арналған препарат шығарылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Елімізде қалқанша без обырын емдеуге арналған дәрі шығарылады

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 22 маусымда Ядролық физика институты қалқанша без ауруларын емдеу үшін натрий йодид (131I) радиофармпрепаратының бірінші өнеркәсіптік партиясын жасаған. Ол Денсаулық сақтау министрлігінде "натрий иодиді 131I, ішуге арналған ерітінді" атауымен дәрілік зат ретінде тіркелді.

"24 маусымда препарат Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығының науқастарына жеткізілді. Зерттеу барысында ағзаның патологиялық ошағында натрий йодиді (131I) радиофармпрепараты қоршаған тіндерді сақтай отырып, обыр клеткаларын жойды",– деп жазылған хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу