Елімізде қан донорларына берілетін өтемақы мөлшері артады

343

Оның мөлшерін 4312,5 теңгеге жеткізу көзделген.

Елімізде қан донорларына берілетін өтемақы мөлшері артады Фото: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау министрлігі қан донорларына төленетін өтемақы мөлшерін арттыруды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бүгінде қан донорына берілетін тегін тамақтың ақшалай баламасы белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшерін құрайды. ДСМ бұл көрсеткішті енді 1,25 мөлшерге дейін арттыруды көздеп отыр.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда донорлық белсенділік деңгейі 1000 адамға шаққанда 13-14 донорды құрайды. АҚШ-та бұл көрсеткіш мың тұрғынға шаққанда орта есеппен 60 адам болса, Еуроодақ елдерінде – 40 адам.

"Қазақстанда посткеңестік кеңістіктің көптеген елдерінде сақталған "Құрметті донор" атағы, сондай-ақ бұл атақ иелеріне берілетін материалдық жеңілдіктер мен преференциялар жойылды. Донорлар марапатталуы мүмкін қазіргі "Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін" белгісі оларға денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірге беріледі, бұл марапатталушылардың осы екі санатын бір-бірімен бәсекелесуге мәжбүр етеді және марапаттарды бөлу кезінде таңдау әрқашан донорлардың пайдасына шешілмейді. Қазіргі кезеңде қан донорларының төмен өтемақысы мен әлеуметтік мәртебесі күрделі мәселе болып отыр", - делінген бұйрық жобасына берілген салыстырмалы кестеде. 

Бұдан бөлек донорларды қан тапсыруға ынталандырудың маңызды нысандарының бірі ақшалай өтемақы екені көрсетілген.

Қазақ тамақтану академиясының ұсынымдарына сәйкес, донорлар қан тапсырған күні тамақ рационын алуы тиіс. Оның азық-түлік жиынтығы шамамен 4790 ккал алуға мүмкіндік береді. 

Құжатты жария талқылау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу